Бүгін колледж психологы Жайдары Байсалова мен колледж медбикесі Эльмира Дүйсембаеваның қатысуымен «Қыз баланың бой жетуі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты : жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру.

Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету.

Жиналыс барысында ағзадағы физиологиялық өзгерістер жайында, сонымен қатар жыныстық қатынас туралы сөз қозғалды. Жиналыс сырласу түрінде өтті.

#Qyzylordabilim
#жасөспірім

4c

 

4c

 

4c